Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды

Павлодар тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Аймауытов атындағы саябақта сөмкедегі нәжісті танысының бетіне лақтырып жатқан азаматқа шара қолдану туралы хабарлама келіп түскен. Әйелдің оған қарыз екені анықталды, ер адам бұдан былай күте алмай, досына осылайша өкпесін білдіруге шешім қабылдаған.

– Ер адамның жеке басы анықталды, ол Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылып, сотта қаралды. Сот шешімімен 14 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – дейді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Рустам Серғазинов.

Полиция барлық жанжалды бейбіт жолмен немесе азаматтық жолмен сот арқылы шешкен дұрыс екенін атап өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру