Павлодар университетінде криминалистика аудиториясы ашылды
Торайғыров университетінде КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, әділет генерал-майоры Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың құрметіне криминалистика аудиториясы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл аудиторияда заң факультетінің студенттері үшін заттай дәлелдемелер жинау мақсатында қылмыс орындарын тексеру бойынша сабақ өткізіледі, түрлі зерттеулер жүргізу бойынша практикалық сабақ өткізілетін болады.
– Жұмыстың ерекшелігі бойынша криминалист-сарапшылар оқиға орнына жедел-тергеу тобының құрамында болады, көрінетін және көрінбейтін іздерді анықтаумен айналысады. Қылмыс орнындағы айғақтарды тексеруге, іздестіруге қатысады, бірақ сарапшы-криминалистің негізгі міндеті – түрлі зерттеулер жүргізу: дактилоскопиялық, трасологиялық, баллистикалық, техникалық, суық қару, полиграфта психофизиологиялық зерттеулер жүргізу, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Осы жылы жедел-криминалистикалық басқарма 2011 зерттеу жүргізді, оның 260 қылмыстың ашылуына ықпал етті. Аудитория ғылыми-педагогикалық салада көп жұмыс жасаған генерал Қайдаровтың есімімен кездейсоқ аталған жоқ: КазМЗУ-да криминалистика және сот сараптамасы кафедрасын басқарды, тергеу қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында сабақ берді, мемлекеттік біліктілік комиссияларын басқарды. Ол 30-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.
Оның еңбегі туралы КазМЗА профессоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі айтады. Құқық қорғау саласындағы жоғары еңбегі үшін Рүстем Қайдаров «Парасат», «Звезда Содружества», «За благородство помыслов и дел» (РФ), «За заслуги», II дәрежелі «За службу Родине» ордендерімен және Қазақстан, КСРО, Ресей, Украина, Беларусияның 30-дан астам медальмен марапатталды.