Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 11 жастағы баланы ит тістеп алды

Павлодарда 11 жастағы баланы ит тістеп алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазанда көршілердің иттері мектеп оқушыларына секіріп, тістеген. Оқиға Павлодар қаласында таңғы сағат 07.45 шамасында Лесозавод көшесінде болған. 11 жастағы бала 7 жастағы қарындасымен бірге мектепке бара жатқанда кенеттен көрші ит жолға шығып, оларға секіріп, баланың қолынан тістеген. Оқушылар бірден үйге келіп, болған оқиға туралы ата-аналарына хабарлап, полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері итті ұстап алып, байлап қоюға міндеттенген иттің иесін анықтады. Сонымен қатар, ит иесі ҚР ӘҚБК 408-бабы 2-бөлігі бойынша жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірген иттерді ұстау және серуендету ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл факті туралы Павлодар қаласының ветеринарлық қызметі де хабардар етілді.

Бала медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру