Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 5 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен күдікті анықталды

Павлодарда бес млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға ұрлық фактісі бойынша Павлодарлық жеке кәсіпкерліктің директоры жүгінді. Анықталғандай, бұрын сотталған 27 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 18 мамырда Павлодар қаласының М. Жүсіп көшесіндегі дүкендердің бірінде еркін қол жеткізу жолымен сөреден жалпы сомасы 5 млн теңге болатын 61 дана алтын бұйым салынған екі қорапты ұрлаған деп күдіктелуде.

– Арнайы іс-шараларды өткізу барысында күдікті ұрлық жасағаннан кейін Семей қаласына кеткені және оны Павлодарлық жедел уәкілдер ұстағаны анықталды. Күдікті алтын бұйымдарды сатқан, ал түскен қаражатты букмекерлік кеңселердің бірінде онлайн ойынға жұмсаған, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция атап өткендей, ер адамнан алтын сақина мен 350 мың 500 теңге көлемінде ақша тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру