Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 52 миллион теңгеге жуық қарыз болған көлік жүргізушісі ұсталды

Павлодарда 52 миллион теңгеге жуық қарыз болған көлік жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Павлодар қаласындағы Астана – Лермонтов көшелерінің қиылысында «Кибершериф» мобильді кешені жеке сот орындаушысымен бірлесіп Mitsubishi Outlander автокөлігін тоқтатты.

– Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің 52 миллион теңгеге жуық қарызы бар екені анықталды. Полицейлер көлікті мамандандырылған айып алаңына орналастырды, ол айыппұл толық төленгенше сол жерде сақталады, — деді Айдар Сламбеков.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде биыл 20-30 маусым аралығында кез келген ұсақ құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидаты негізінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру