Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда абаттандыру ережелерін бұзған 6 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Павлодарда абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 6 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында полиция департаменті тұрғындарды қоғамдағы тәртіп ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Себебі қаланы таза әрі көрікті күйде ұстау әрбір азаматтың жауапкершілігі болып табылады. Өзіңіздің жеріңізге, үйіңізге, демалыс орындарына және тарихи ескерткіштерге ұқыпты қарау – қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етудің басты кепілі.

Дегенмен, тәртіп бұзушылықтар әлі де кездесуде. Биыл абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 6 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, облыс орталығында Абай мен Луначарский көшелерінің қиылысында ЗИЛ автокөлігінің жүргізушісі су ағызып жіберген. Бұл туралы полицияға бей-жай қарамайтын қала тұрғындары хабарлаған. Қала аумағын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін азаматқа 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау тек тәртіп сақшыларының ғана емес, әрбір тұрғынның міндеті. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру