Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда абаттандыру ережесін бұзудың 861 фактісі анықталды

Павлодарда абаттандыру ережесін бұзудың 861 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында Ломов көшесі 141 үйдің тұрғыны үй төбесінде салбырап тұрған мұз бен ауладағы қар туралы видео хабарламасында шағымданған.

Осы факті бойынша учаскелік полиция инспекторы КСК төрағасын ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, КСК төрағасына аталған абаттандыру бұзушылықтарын жою қажеттілігі ескертілді, – деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы бір жағдайда тұрғындар полицияға Ткачев көшесі 3 мекенжайы бойынша қалалық коммерциялық ұйымдардың бірінен қоқыс төгу фактісі бойынша жүгінген. Осы факті бойынша ойын клубының иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полицейлер басты міндет айыппұл салу емес, ескерту екенін, сондықтан бірінші рет ескерту беріліп отырғанын айтады. Әдетте, бірінші ескертуден кейінгі бұзушылықтар болмайды. Алайда КСК иелері мен кәсіпкерлер бұзушылықты жоймаса және іргелес аумақты тазалау бойынша өз міндеттерін орындамаса, бұзушыларға, оның ішінде жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 40 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Бұзушылық әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған жасалса, жеке тұлғаларға 30 АЕК, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 50 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпорындар үшін 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Айта кетейік, 2 айда Павлодар облысында полиция қызметкерлері абаттандыру ережесін бұзудың 861 фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру