Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Павлодар облысында дөңгелек үстелде әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облыстық сотының базасында судьялардың, прокуратура және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен «Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауды қолдану практикасының өзекті мәселелері» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамадағы өзгерістер, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша татуласуға жол бермеу, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар талқыланды.

Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар көрсетілген баптар бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырудың макеттері мен алгоритмін қарады. Талқылау барысында профилактикалық шараларды арттыру үшін Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, процестік мәжбүрлеудің жолын кесу шарасын қолдану қажеттілігі туралы және Қазақстан Республикасы ҚК-нің көрсетілген баптары бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктіні ұстау және көлік құралдарын жүргізу құқығынан бұрын айырылған және мас күйіндегі жүргізушілерге қатысты тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы ұсыныс енгізілді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру