Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда алаяқтық бойынша қылмыстық істерді тергеушілерге семинар өткізілді

Павлодарда алаяқтық бойынша қылмыстық істерді тергеушілерге семинар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда алаяқтық әрекеттер фактілері бойынша қылмысты тергеушілерге арналған семинар өткізілді. Павлодар облысы, ШҚО, СҚО және Абай облыстарының полицейлері үшін жұмыс семинардан басталды, онда алаяқтық әрекеттерге, оның ішінде ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.

– Мемлекет басшысы киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру қажеттігіне назар аударды. Азаматтарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің кез келген нысандарының жолын кесу керек: аталған санаттағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша кезең-кезеңмен шаралар қабылданды. Интернет қолданушыларының саны өскен сайын, осы пайдаланушылардан ақша табуға тырысатын киберқылмыскерлер де көбейеді. Сонымен қатар аталған санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу мақсатында 2022 жылы Ішкі істер министрінің бұйрығымен барлық полиция департаменттерінде тұрақты жұмыс істейтін “CyberPol” жедел-тергеу топтары құрылғанын атап өткен жөн, – деді Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Интернет-алаяқтық бойынша қылмыстық істерді тергеудегі проблемалық мәселелер, дропперлердің жауапкершілігі туралы ІІМ тергеу департаменті басқармасының бастығы Асхат Теміржанов хабарлады. Спикер іс-шараға қатысушыларға алғашқы жедел-тергеу іс-шараларының алгоритмін түсіндірді.

Қылмыстың осы түрін тергеуде цифрлық криминалистиканың мүмкіндіктері туралы ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы Рустам Әбдірахманов түсіндірді.

Сабақтарды облыс прокурорының орынбасары Ербол Ысқақов, мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Дидар Байниязов және экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Ғалиасқар Қасымов өткізді. Цифрландыру жағдайында құқықтық ағарту және құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы Торайғыров университетінің экономика және құқық факультетінің деканы, профессор Юрий Колесников айтып берді.

Сондай-ақ іс-шараға қатысушыларға ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес орталығының аға жедел уәкілі Аман Әубәкіров “Антифрод орталығы” платформасын таныстырды.
Екі күндік семинар-кеңестің қорытындысы тактикалық және ситуациялық сабақтар болды, онда полиция қызметкерлері фокус-топтарға бөлініп, алған білімдерін қолданып, қылмыстық процеске қатысушылардың өзара іс-қимыл алгоритмін пысықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру