Павлодарда алаяқтық жасаған ресейлік Новый Уренгойдан ұсталды
Павлодарда алаяқтық жасаған ресейлік Новый Уренгойдан ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыдан 16 жыл бұрын Павлодар қаласында пәтер сатып алуға жалған сату-сатып алу келісімшартын жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматы күдіктелуде.
Осы жылдар бойы іздеудегі қылмыскер Ресейдің әртүрлі қалаларында тұрып келген. Соңғы уақытта 60 жастағы ер адам Ресей Федерациясының Новый Уренгой қаласы Ямало-Ненецкий автономдық округінде тұрып, жұмыс істеген.
Бұдан басқа, полицейлермен Павлодар облысының тұрғыны ресейлік жедел қызметкерлермен ұсталды. Железин ауданы полиция бөлімі қызметкерлерімен 2018 жылы Омбы қаласында қылмыс жасағаны үшін Ресей ІІМ-мен іздеудегі қылмыскер ұсталды.
31 жастағы ер адам Ресей Федерациясының ҚК 119-бабының 1-бөлімі (Есірткі заттары, психотропты өнімдерді тасымалдау және өткізу, заңсыз өндіру) бойынша күдіктелуде.
Бірнеше күн бұрын ол Железин ауданы ауылдарының біріне туыстарына қонаққа келген, алайда заңнан қашу қолынан келмеді. Ер адам учаскелік полиция инспекторымен ұсталды.
Полиция қызметкерлерімен қылмыскерлер мен із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру жұмыстары ұдайы түрде жүргізіліп отыратынын айта кеткен жөн. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, павлодарлық жедел қызметкерлермен 103 қылмыскер іздестіріліп, 88 із-түзсіз жоғалғандардың тұрғылықты жері анықталған.