Павлодарда алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан киоскілер анықталды
Павлодарда алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан киоскілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Алкогольдік мас күйіндегі қылмыстарды ескерту мақсатында Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторлары сәулет бөлімімен бірлесіп заңнаманы бұзумен алкоголь өнімдерін сатқан, заңсыз орнатылған киоскілерді боршалау және шығару жұмысы жалғастырылуда, – деп айтты Павлодар қаласы Жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.
Рейтдің нәтижесінде 2021 жылғы 26 сәуірде павлодарлық полицейлер анықтаған объектілерге хабарламалар берілді. Бірақ кейбір иеленушілер өз киоскілері мен павильондерін алып тастамай, алкоголь өнімдерін сатуды жалғастырған.
Арман Қаптаев бұрын берілген хабарламалар бойынша ағымдағы жылдың 7 маусымда Павлодар қаласының генерал Дүйсенов көшесі және Қамзин көшесі бойындағы екі киоск шығарылғанын атап өтті. Киоскінің екеуі де алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан.
Ағымдағы жылдың басынан тек облыстық орталықта сегіз киоск пен павильон боршаланып, шығарылды.