Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда алкоголь өнімін заңсыз сатқан кафе иесі жауапқа тартылды

Павлодарда алкоголь өнімін заңсыз сатқан кафе иесі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері алкоголь заңнамасын бұзудың алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

– Мәселен, Павлодар қаласында учаскелік полиция инспекторлары Амангелді көшесіндегі қалалық кафелердің бірінде алкоголь өнімін заңсыз сату фактісін анықтады. Тексеру барысында бұл кафенің жалға алушысының құрамында алкоголь бар өнімдерді сатуға лицензиясы ғана емес, сонымен қатар жеке кәсіпкердің куәлігі жоқ екендігі анықталды. Алкоголь өнімдері тәркіленді. Аталған факті бойынша 25 жастағы павлодарлыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. – деді Павлодар қалалық ПБ Оңтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат Тлеулин.

Жыл басынан бері ҚР ӘҚБК 463-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған 15 жеке кәсіпкер тиісті рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

Алкоголь өнімдерін тыйым салынған уақытта және жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сататын дүкен иелері де заңнаманы сақтамайды. Бүгінгі күні ҚР ӘҚБК 200-бабы бойынша 18 иесі жазаға тартылды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері спирттік ішімдіктер ішкені және мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін 1550 азаматты ұстады, барлық тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру