Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ата-аналарға арналған облыстық форум өтті

Павлодарда ата-аналарға арналған облыстық форум өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция жұмысында және халыққа сервистік қызмет көрсетуде проблемалық бағдарланған тәсіл мақсатында Павлодарда бірінші облыстық ата-аналар форумы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту және рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту мен ілгерілетуде ата-аналар қауымының белсенді рөлін арттыру.

Өңірлік форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова, құқық қорғау және сот органдарының өкілдері, білім беру органдарының басшылары, қамқоршылық кеңестердің төрағалары, облыстың ата-аналар қоғамы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Облыстық оқушылар сарайының фойесінде ата-аналар қауымы үшін сарай тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесі қызметінің тұсаукесері ұйымдастырылды.

Өз сөзінде ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров осы жылдың 8 айында кәмелетке толмағандар арасында ұрлық, алаяқтық, тонау сияқты 15 қылмыс жасағанын хабарлады. Негізгі себеп-ата-аналардың бақылауынсыз болуы және жасөспірімдердің жанжалды жағдайларды бейбіт жолмен шеше алмауы.

Спикер кәмелетке толмағандар құқық бұзушылық жасаған кезде, баланың қай жерде және кіммен тәрбиеленетініне қарамастан, ең алдымен ата-аналар субъект болып табылатынын атап өтті.

– Ата-аналар балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған жағдайда: егер ата-аналар спирттік ішімдіктер ішсе, қоғамға жат өмір салтын жүргізсе, егер бала тәрбиеленетін отбасында оның дамуы мен білім алуы үшін жағдайлар болмаса-ата-аналар ӘҚБтК-нің 127-бабы (Ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамау) бойынша тартылады. Полиция органдарына есепке қойылып, олардың тәртібі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады, – деп атап өтті Жасқайрат Қайыров.

Осы жылы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 269 ата-ана жауапқа тартылды, 102 қолайсыз отбасы есепке қойылды, балалардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс жерде болғаны үшін – 1783 ата-ана жауапқа тартылды.

Форумда отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы мен байланысын нығайту, отбасылық тәрбиенің өзекті мәселелерін шешу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру