Павлодарда «Автобус» іс-шарасы аясында 133 автобустың техникалық сәйкестігі тексерілді
Павлодарда «Автобус» іс-шарасы аясында 133 автобустың техникалық сәйкестігі тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 ақпан мен 2 наурыз аралығында Павлодар облысының аумағында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
– Полицейлер автобус пен такси жүргізушілері арасында 235 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген 33 автобус шықты, салонда жолаушылардың болғанына қарамастан қоғамдық көліктің 53 жүргізушісі маневр жасау ережелерін бұзды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.
Анықталған бұзушылықтар үшін автопарктердің 9 лауазымды қызметкеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабы (Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға шығару және пайдалану қағидаларын өзге де бұзушылықтар) бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Сондай-ақ, «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері 133 автобустың техникалық сәйкестігін тексерді. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 16 автобус орналастырылды, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды.
23 ақпанда Павлодар қаласының полицейлері Нұрмағамбетов – Сүлейменов көшесіндегі Ford көлігін тоқтатты, ол Павлодар – Алғабас бағыты бойынша қайта жабдықталған көлік құралымен жүрген. Қайта жабдықтау VVTI iштен жану қозғалтқышын орнатумен байланысты, концернмен және дайындаушы зауытпен көзделмеген.
Ал Шарбақты ауылында жүк тасымалдау ережелерін бұзған ГАЗ жүргізушісі ұсталды, ал ГАЗель маршруттық таксиінің жүргізушісі техникалық тексеруден өтпей, жұмысқа шыққан. Ақтоғай ауылында міндетті сақтандырусыз ГАЗ-322132-224 автобусын жүргізген жүргізуші ұсталды. Ақсу қаласында Toyota Mark II жүргізушісі «такси» жеке тасымалдаумен заңсыз айналысқан.