Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда автокөліктен ұрлық жасады деген күдікті ұсталды

Павлодарда автокөліктен ұрлық жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің жедел қызметкерлері көшпелі саудаға арналған автокөліктен азық-түлік ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті таңертеңгі уақытта автокөлік иесінің болмауын пайдаланып, сауда көлігіне заңсыз кіріп, азық-түлік өнімдерін қолды еткен.

- Оқиға орнын қарау кезінде полиция қызметкерлері құқыққа қарсы әрекет тіркелген бейнежазбаны тәркіледі. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол кінәсін мойындап, ұрланған заттар тәркіленді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша көлік құралына заңсыз кіру арқылы жасалған ауыр санаттағы меншік қылмысы ретінде қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырып, мұндай құқық бұзушылықтардың ерекше бақылауда екенін ескертеді. Бөтен мүлікті заңсыз иеленуге барған тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру