Павлодарда бағдаршамның қызыл белгісіне өткен жүргізуші жауапқа тартылды
Павлодарда бағдаршамның қызыл белгісіне өткен жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының тұрғындары полицияға түрлі құқық бұзушылықтар, соның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы жиі хабарлайды. Сонымен, dp_pavlodar инстаграм парақшасына жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы бейнежазба жіберілді. Осы бейнежазба бойынша тексеру жүргізілді.
– 24 желтоқсанда Павлодар қаласының Толстой – Ак.Сәтбаев қиылысында Mercedes автокөлігінің жүргізушісі апатты жағдай туғыза отырып, бұл қозғалыстың басқа қатысушыларын қозғалыс бағытының жылдамдығын өзгертуге мәжбүр етті. Сонымен қатар жүргізуші қозғалысын жалғастыра отырып, бағдаршамның тыйым салу белгісіне жүрді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер бұл жүргізушіні анықтады. 31 жастағы бұзушыға қатысты бірнеше баптар бойынша әкімшілік хаттама толтырылды: ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабының 1-бөлімі және ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабының 1-бөлімі бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.