Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемей, өтіп кеткен жүргізушілер жауапқа тартылды

Павлодарда бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемей, өтіп кеткен жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өту, өткелде жаяу жүргіншілердің өтуіне жол бермеу және қарсы келе жатқан көлік қозғалысына арналған жолаққа шығу жол жүру ережелерін өрескел бұзушылыққа жатады.

Ережені сақтамаған жүргізуші жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін. Жаяу жүргіншілерді қағып кетуі немесе басқа көліктермен соқтығысуы ықтимал.

– Мысалы Павлодар қаласында бағдаршамның сары сигналына өтіп кеткен Toyota  автокөлігі тоқтатылды. Ол осылайша жол жүру ережелерін бұзған еді. Дәл осыған ұқысас бұзушылықты М.Жүсіп көшесімен келе жатқан Kia автокөлігін мінген тағы бір жүргізуші жасаған. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды, – дейді  Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері Павлодар өңірінде 1548 жүргізуші осы бұзушылық үшін жазаланды.

Павлодар облысының полициясы қозғалыс жылдамдығының жоғарылығы, апаттан туындаған жарақаттардың саны мен ауырлығы ЖКО нәтижесінде өсетінін есте сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру