Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда балабақша қызметкерлеріне интернет-алаяқтықтан қорғану бойынша тренинг өтті

Павлодарда балабақша қызметкерлеріне интернет-алаяқтықтан қорғану бойынша тренинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласындағы №52 балалар бақшасында департаменттің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асхат Абетжановпен кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушыларға интернет-алаяқтықпен күресудің өзекті мәселелері түсіндірілді. Арнайы назар онлайн-алдау схемаларына, жеке деректерді қорғау тәсілдеріне, сондай-ақ дропперлік яғни азаматтардың банктік шоттарын заңсыз пайдалану арқылы қылмыстық жолмен алынған қаражатты аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру әрекеттері туралы айтылды.

Офицер қылмыскерлердің қолданатын әдістерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, нақты практикалық мысалдар келтірді және мессенджерлерде, әлеуметтік желілерде және онлайн-сатып алулар кезінде сақ болу қажеттігін еске салды.

Кездесу барысында балалар бақшасының қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, толық және кәсіби жауаптар алды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар халықтың құқықтық сауатын арттыруға және киберқауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Полиция азаматтарға жеке деректер мен банктік карта реквизиттерін үшінші тұлғаларға бермеуге, сондай-ақ күдікті жағдайлар туындаған жағдайда дереу полицияға хабарласуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру