Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда балаларға арналған веложарыс өтті

Павлодарда балаларға арналған веложарыс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың жол қозғалысы кезінде және көлік құралдарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше және қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында Павлодар қаласында "Назар аударыңыз, балалар" акциясы аясында кішкентай павлодарлықтардың қатысуымен ерекше веложарыс ұйымдастырылды. Шараны полиция қызметкерлері өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың бойында түрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және жолда дұрыс әрекет етуге үйрету.

Балалар велосипедтің пайда болу тарихымен танысып, жол қозғалысы ережелерін, велосипед жүргізушінің қажетті жабдықтары мен қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ жолдағы өзара сыйластықтың маңызын білді. Жарыс басталар алдында қатысушылар велосипедпен жүрудің негізгі ережелерін қайта еске түсірді.

Көңілді музыка әуенімен басталған жарыс нағыз мерекеге ұласты. Мәреге жақындағанда балаларды шынайы чемпиондардай қарсы алып, жеңімпаздарға арналған қызыл лентадан өткізді.

Іс-шара тек қызықты ғана емес, сонымен қатар танымдық әрі спорттық сипатқа ие болды. Балалар бір күн бойы жағымды эмоциялар алып, сергектік пен қуатқа бөленді. Бұл – болашақ жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне бағытталған маңызды әрі тәрбиелік мәні зор бастама.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру