Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда баланы алдыңғы орындықта тасымалдаған жүргізуші жазаланды

Павлодарда баланы алдыңғы орындықта тасымалдаған жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, көлік жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзу фактілерін анықтайды.

Павлодар қаласында әлеуметтік желілерді бақылау барысында Н.Назарбаев көшесінде жүргізуші баланы алдыңғы орындықта алып жүргені белгілі болды. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану жөніндегі талаптар сақталмағаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, сондай-ақ жол жүру ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану бойынша 1188 бұзушылық тіркелген.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға жол қауіпсіздігінің ең алдымен олардың жауапкершілігінде екенін ескертеді. Жол ережелерін елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

"Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау бағытындағы қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру