Павлодарда белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргіншілерді көлік қағып кетті
Павлодар облысында демалыс күндері белгіленбеген жерден жолдан өткен екі жаяу жүргіншіне көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы 23 тамыз сағат 21:41 шамасында Екібастұз қаласында М.Әуезов көшесіндегі 42 үйге қарама-қарсы, «Опель Омега» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 37 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Соның салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. куәландыру нәтижелері бойынша сау деп танылды. Оқиғадан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, бірақ полиция қызметкерлері оны анықтап, оған ешқайда шықпау туралы қолхат берілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Сол күні сағат 21.50-де Екібастұз қаласының маңындағы «Павлодар-Нұр-Сұлтан» автожолында «ҚР ІІМ Медиа-Орталығы» ЖШС-не тиесілі «Hyundai Elantra» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі белгіленбеген жерде жолдан өткен 43 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға салдарынан, өкінішке орай, жаяу жүргінші алған жарақаттарынан жол көлік оқиғасы орнында қайтыс болды. Куәландыру нәтижесіне сәйкес жүргізуші сау деп танылды. Жүргізуші оқиға орнында жедел жәрдем мен полицияны шақырды. Жүргізуші басшылығының рұқсатынсыз қызметтік автокөлікпен Нұр-Сұлтан қаласынан тыс жерге шыққаны анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Жүргізушіге ешқайда шықпау туралы қолхат берілді. Полиция аталған фактілер бойынша сот органдары түпкілікті шешім мен жазалау шарасын қабылдайтынын атап өтті.
Айта кету керек, жыл басынан бастап Павлодар облысының аумағында 299 жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 20 адам қаза тауып, тағы 425 адам жарақат алған.