Павлодарда бірінші сынып оқушысы марганцовкадан уланып қалды
Павлодарда бірінші сынып оқушысы марганцовкадан уланып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айында Павлодар мектебінде бірінші сынып оқушысы мұғалімнің қадағалауынсыз қалып, калий перманганатын аузына құйған. Жедел жәрдем келгенге дейін мектеп медбикесі баланың аузын шайып, алғашқы көмек көрсетті. Кәмелетке толмаған бала Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
– Полицейлер анықтағандай, бірнеше күн бұрын сынып тәрбиешісі басқа оқушының қол-аяғын зарарсыздандыру мақсатында медициналық қызметкердің кабинетінен марганцовканы алған. Кейін, асығыста, марганцовканы жұмыс үстелдің шкафына салған, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 141-бабына сәйкес (Балалар денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз алмаған туралы) сот алдындағы тексеріс өткізілуде. Сот-медициналық сараптама жасау тапсырылды.