Павлодарда биыл мал жаю ережелерін бұзған 300-ге жуық азамат жауапқа тартылды
Павлодарда биыл мал жаю ережелерін бұзған 300-ге жуық азамат жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жолдарда иесіз мал жиі кездеседі. Көлік құралдарының жүргізушілері қарсы қозғалыс жолағына шығуға мәжбүр, бұл жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып табылады. Соққылардың салдарынан жануарлар, жүргізушілер мен жолаушылар жарақат алады, ал көлікке зақым тиеді.
Полиция қызметкерлері автокөліктің малға соқтығысуын болдырмау үшін үй жануарларын жаю жағдайларын болдырмау жөніндегі кездесулерде халықпен тұрақты негізде профилактикалық әңгімелер өткізеді. Алайда, өкінішке қарай, мал иелері үнемі қадағалаусыз ұстау, айдау және жайылымда өздерінің тікелей міндеттерін орындамауды және елемеуді жалғастыруда.
Мысалы, полицияға Бірлік ауылының маңындағы Қалқаман - Керней автожолында жылқылар жайылып жүргенін хабарлаған ер адам қоңырау шалды. Қызылорда — Павлодар автожолында жүргізушілерден мал жайылып жүргені туралы қоңырау түсті. Полицейлер мал иелерін анықтады, оларға қатысты әкімшілік материал толтырылды, айыппұл салынды.
— Айта кетейік, осы жылдың басынан бастап Павлодар полицейлері ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін 274 мал иесі жауапқа тартылды, — Павлодар облысының полиция департаменті.
Елді мекендердің жанында абай болыңыздар, осындай қауіп туындаған жағдайда шұғыл тежеу шараларын қабылдауға уақыт болу үшін жылдамдық режимін сақтаңыздар.