Павлодарда "Біз есірткіге қарсымыз!" акциясы өтті
Павлодарда "Біз есірткіге қарсымыз!" акциясы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5512 және 6679 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері мен әскери қызмет сарбаздарының қатысуымен кең ауқымды профилактикалық акция ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушыларға есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы ел заңнамасының талаптары түсіндірілді. Іс-шара "Капитан Байтасов" патриоттық фильмінің көрсетілімімен қорытындыланды. Фильм көрермендерге ерлік, парыз және Отанға адалдық ұғымдарының маңызын тағы бір мәрте еске салды.
Аталған іс-шара Павлодар облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан, Қазақстан халқы Ассамблеясы Павлодар облысы жанындағы ақсақалдар кеңесі мен аналар кеңесінің, сондай-ақ өңірлік Жастар бастамаларын дамыту орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.
