Павлодарда борышкерлерден 7 млн теңгеге жуық қаражат өндірілді
Павлодарда борышкерлерден 7 миллион теңгеге жуық қаражат өндірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру және орындалмаған жазаға жазаның бұлтартпаушылық қағидатын сақтау мақсатында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның екі күнінің қорытындысы бойынша борышкер-жүргізушілерден 6 миллион 800 мың теңге қаражат өндірілді. Сонымен қатар "Кибер-Шериф" аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен қарыздары бар 263 көлік құралы орнатылды.
Мысалы тәртіп сақшылары ВАЗ маркалы автокөлікті қамауға алды, себебі иесі жүргізуші куәлігінен айырылса да, көлік құралын жүргізген. Жүргізушіге қатысты 196 600 теңге мөлшерінде айыппұл салынған және хаттама толтырылған. Енді көлік иесі қарызын толық өтегеннен кейін ғана өз көлігін ала алады.
Полиция департаменті азаматтардан әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын тексеруді және осындай жағдайларды болдырмау үшін заңда белгіленген мерзімде барлық қарыздарын өтеуді сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, "Борышкер" жедел-профилактикалық шарасы ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.