Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда заңсыз ағаш кесу фактілері тіркелді

Павлодарда заңсыз ағаш кесу фактілері тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Аң аулау және балық аулау көптеген тұрғындардың сүйікті ісі болып табылады, бірақ кейбір азаматтар пайда табу үшін балық аулаудың, аң аулаудың заңсыз тәсілдерін қолдана отырып, браконьерлікпен айналысады.

Павлодар облысының аумағында браконьерлік, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

– Профилактикалық іс-шара барысында заңсыз аң аулаудың 81 фактісі тоқтатылды, барлық құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балықшылар да ережелерді сақтамады, 38 құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік материалдар жасалды. Заңсыз ағаш кесу фактілері де бар, 11 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабы (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша жауапқа тартылды, ал екі тұрғын тіркелмеген қаруды заңсыз сақтады, ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша жаза қолданылды. 650 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Естеріңізге сала кетейік, аң аулау ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша жауапкершілік көзделген және жеке тұлғаларға – 5, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне -100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе ескерту жасауға әкеп соғады. Балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша жеке тұлғаларға – 10 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК-нің 337-бабы бойынша заңсыз аң аулағаны үшін үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ҚР ҚК-нің 335-бабы бойынша заңсыз балық аулауға үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ҚР ҚК-нің 340-бабы бойынша ағаштар мен бұталарды жою немесе зақымдау бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не түзеу жұмыстарына немесе бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не мүлкі тәркіленіп, 40 тәулікке тыйым салуға жазаланады.

Бұл ретте құқық бұзушылық құралдарының, жүріп-тұру құралдарының, атап айтқанда сот шешімі қабылданғанға дейін құқық бұзушылық жасау көлігінің заттай дәлелдемелері алынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру