Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда бұрын сотталған азамат көршісінің ұялы телефонын қолды қылған

Павлодарда ұялы телефон ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға ұялы телефонының ұрланғаны туралы павлодарлық тұрғын арызданған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында  ұялы телефонды сол үйдің тұрғыны ұрлап кеткенін анықтады.

Кешкі сағат 20.00-де ауладағы орындықта отырған қала тұрғынына сол үйде тұратын көршісі келіп, әңгімелесу барысында көршісінің сыртқы қалтасына салынған ұялы телефонын байқап қалған, ұзақ ойланбаған күдікті көршісінің қалтасынан ұялы телефонды байқатпай суырып алып, өзінің қалтасына салып алған.

Телефон иесі ұялы телефонының жоғалғанын үйіне келгенде бір-ақ білген.

Күдікті бұрын сотталған. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің  188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру