Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда бұрынғы жұбайымен жанжалдасқан ауыл тұрғыны жауапқа тартылды

Павлодарда бұрынғы жұбайымен жанжал шығарған ауыл тұрғыны жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Май ауданының бір ауылында кешкі уақытта "102" жедел арнасына қоңырау шалған әйел бұрынғы күйеуінен шағымданған. Оқиға орнына барған учаскелік полиция инспекторы ер адамның үйде әйелге балағат сөздер айтып, жанжал шығарғанын анықтады.

— Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылық үшін ер адам жауапкершілікке тартылып, іс материалдары сотқа жолданды, — деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Айта кету керек, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және тұрмыстық қылмыстардың өсуіне жол бермеу мақсатында барлық учаскелерде полиция қызметкерлері күн сайын жұмыстар жүргізіп келеді.

2025 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша облыс көлемінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша 1651 азамат жауапкершілікке тартылып, 1361 қорғау нұсқамасы шығарылған. Сондай-ақ 311 құқық бұзушыға арнайы талаптар қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру