Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда бұзақылық жасаған азаматтар қоғамдық жұмысқа тартылды

Павлодарда бұзақылық жасаған азаматтар қоғамдық жұмысқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда алкогольдік мас күйінде құқық бұзушылық жасаған екі ер адам айыбын қоғамдық жұмыстар арқылы өтеуге мүмкіндік алды. Сот шешімімен оларға 60 сағат міндетті жұмыс жазасы тағайындалды.

Атап айтқанда, Атамекен ауылында ер адам көп мөлшерде ішімдік ішіп, бірге тұратын әйеліне балағат сөздер айтқан. Дебоширге қатысты полицейлер материал толтырып, сотқа жіберді. Сот шешімімен ер адамға спирттік ішімдіктер мен тыйым салынған заттарды қолдануға шектеу қойылып, 40 сағат қоғамдық жұмысқа міндеттелді.

Екінші жағдайда, облыс орталығында Естай көшесінде ер адам қоғамдық орында мас күйінде балағат сөздер айтып, адамдарға құрметсіздік танытты. Бұзақы жауапқа тартылып, сот шешімімен оған 20 сағат қоғамдық жұмыс жазасы берілді.

– Қоғамдық жұмыс – бұл тек жаза шарасы ғана емес, адамның өз мінез-құлқын қайта қарастыруына және туған қаласын абаттандыруға нақты үлес қосуына мүмкіндік. Мұндай жаза азаматты заңға бағынуға итермелеуі мүмкін, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД.

Ведомство атап өткендей, 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізілді. Егер бұрын “отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер” үшін тек әкімшілік қамау қарастырылса, енді соттың қоғамдық жұмыстарға тағайындау мүмкіндігі бар.

Заңға сәйкес, қоғамдық жұмыстар адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін ұсақ әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Мұндай жұмыстар негізгі қызметтен тыс уақытта, ақысыз түрде орындалады және жергілікті атқарушы органдардың бақылауымен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру