Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда дүкен кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Павлодарда дүкен кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полициясы Н.Назарбаев даңғылындағы қалалық супермаркеттердің бірінде кассадан ақша ұрлады деп күдікке ілінген адамды ұстады.

– Анықталғандай, ер адам дүкенге заңсыз кіріп, орталық кассадан 781 мың теңге сомасында ақша ұрлап кеткен. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам кінәсін мойындады. Оның аймақ аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ұсталған адам Павлодар қаласы ПБ УҚИ-ге қамауға алынды,- дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Ертіс өңірінің полицейлері қала тұрғындарына қырағы болуға, объектілерді күзету, тауарлар мен материалдық құндылықтарды ұрлауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ оларды бейнебақылау камераларымен және басқа да қауіпсіздік құралдарымен жарақтандыруға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру