Павлодарда дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Павлодарда дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 наурызда сағат 13.05-те Павлодар қаласының полициясына әйел қоңырау шалып, бес минут бұрын дүкенде белгісіз ер адам қарақшылық жасағаны туралы хабарлады.
– Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы сағат 13.00-де Н.Назарбаев даңғылы 2/1 мекенжайы бойынша орналасқан дүкенге мас күйінде болған ер адамның кіріп, пышақпен қорқытып, 3000 теңге сомасындағы ақша қаражатын және бір бөтелке шарапты ашық иемденгенін анықтады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 192-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Полиция сатушының қарақшылық шабуыл жасады деп күдікке ілінген ер адамды сипаттап бергеннен кейін бағдар жасалғанын атап өтті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жақын орналасқан барлық ауданды тексерді. Сауатты құрастырылған бағдарлаудың арқасында 15 минуттан кейін Н.Назарбаев даңғылыда күдікті ер адам патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен ұсталды. Ал ер адам ақшаны жұмсап және шарапты ішіп үлгермеді. Заттай дәлелдемелер мен пышақ тәркіленді.
Тексеру көрсеткендей, ер адам орташа мас күйде болған. Сондай-ақ, күдікті бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған Шығыс Қазақстан облысының тұрғын болып шықты.