Павлодарда ер адам колонияға екі телефон өткізбек болды
Павлодарда ер адам колонияға екі телефон өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 143-бабы бойынша қаладан бірінші қажеттілік заттарын алу үшін мекемеден шыққан сотталған № 44 (қауіпсіздігі ең төмен) мекемеге қайтып келгенде сырт киіміне екі телефон жасырып өткізуге тырысты.
Мекеме қызметкерлері телефондарды өткізу әрекетін дер кезінде тоқтатты. Екі телефон тәркіленіп, сотталған қылмыстық-атқару заңнамасының 130-бабына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мекеме әкімшілігі қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуы және жазасын өтеу орындарында ережелер мен нормалардың орындалуына тұрақты бақылаудың жүргізілетінін ескертеді.