Павлодарда есепте тұрған азамат жеке кәсібін ашты
Павлодарда есепте тұрған азамат жеке кәсібін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарда Иван есімді азамат бір жылға жуық пробация қызметінің есебінде тұр. Бұл кезең оңайға соққан жоқ. Түрлі шектеулер, бақылау және ішкі толғаныстар қатар жүрді. Соған қарамастан, ол мойымады, адал әрі тұрақты өмір сүруге ұмтылуын тоқтатпады.
Павлодар қаласы пробация қызметі қызметкерлерінің қолдауы мен сүйемелдеуі арқасында Иван көптен бері ойында жүрген мақсатын жүзеге асырып, жеке кәсібін ашуға мүмкіндік алды. Бүгінде ұлттық нақышта безендірілген оның павильоны қала тұрғындары мен қонақтарының назарын өзіне аударып, өзіндік көркемдігімен ерекшеленіп отыр.

Пробация қызметінің қызметкерлері қажетті кеңестік көмек көрсетіп, жеке кәсіпкерлікті тіркеу тәртібін түсіндірді және бизнесті қалыптастыру кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетті. Мұндай қолдау есептегі азаматтардың қоғамға бейімделуіне және өз болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Иванның өмір жолы пробация қызметінің тек бақылау функцияларын ғана емес, сонымен қатар адамдардың қоғамға қайта бейімделуіне нақты көмек көрсететінін айқын дәлелдейді. Қиын өмірлік жағдайға тап болған сәттің өзінде алға ұмтылып, болашаққа жоспар құруға мүмкіндік бар.
Жаңа павильон Иван үшін өміріндегі оң өзгерістердің, адал еңбектің және ертеңгі күнге деген сенімнің символына айналды.
