Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда есептегі сотталғандарға кәсіби білім сертификаттары табысталды

Павлодарда есептегі сотталғандарға кәсіби білім сертификаттары табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласы және аудандық пробация қызметтері "Антарес-А" қоғамдық қорымен және "ПрофРесурс" көпбейінді кәсіби оқыту орталығымен бірлесіп, кәсіби дайындық курстарын аяқтаған есептегілерге сертификаттар табыстау рәсімін өткізді.

2–3 ай бойы оқу бағдарламасына қатысушылар бірқатар сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алды. Маникюр шебері, аспаз, дәнекерлеуші, токарь, сондай-ақ еңбек нарығында қажет басқа да жұмысшы мамандықтар бар. Әрбір түлек таңдаған мамандығы бойынша біліктілігін растайтын ресми сертификат алды.

Пробация қызметі өкілдерінің айтуынша, мұндай білім беру жобалары есептегілердің қоғамға табысты қайта бейімделуінде өте маңызды рөл атқарады. Алынған білім мен дағдылар адамдарға жаңа істі меңгеруге ғана емес, өздігінен еңбек етіп, материалдық жағдайын жақсартуға, қайталама құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және оқу орталықтарының бірлескен жұмысының арқасында Павлодар облысының бірнеше тұрғыны жаңа мамандық алып, өмірін жаңаша бастауға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру