Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда "Есептегі тұлға" ЖПІШ барысында 6 мыңға жуық адам тексерілді

Павлодарда "Есептегі тұлға" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 6 мыңға жуық адам тексерілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның бақылауында тұрған азаматтарды қадағалау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ел аумағында "Есептегі тұлға" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Оның аясында 6000-ға жуық есептегі тұлға тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді.

Нәтижесінде есепте тұрған азаматтар тарапынан жасалған 108 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Әкімшілік қадағалаудағы 14 адам, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 10 азамат және ресми түрде әкімшілік қадағалауға алынған 4 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Екібастұз қаласында пробациялық есепте тұрған азамат қоғамдық тәртіпті бұзып, көшеде темекі тұқылын белгісіз жерге тастады. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Тексеру барысында есептегі әйелдің мас күйінде үйінде отырғаны анықталды. Бұл оның сот белгілеген ерекше талаптарды бұзғанын көрсетеді. Осыған байланысты сот үкімін орындамағаны үшін азаматша жауапқа тартылып, іс материалдары сотқа жолданды.

"Есептегі тұлға" жедел-профилактикалық іс-шарасы 23 ақпанға дейін жалғасады.

"Заң және тәртіп" қағидаты – ішкі істер органдарының негізгі ұстанымы. Оның мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау. Құқық бұзушылар заң алдында міндетті түрде жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру