Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда есірткіге мас күйде көлік жүргізген азамат ұсталды

Павлодарда есірткіге мас күйде көлік жүргізген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының көп болуының негізгі себептері – жол қозғалысы ережелерін сақтамау ғана емес, сонымен қатар көлік құралын мас күйінде басқару.

– Мәселен, Павлодар қаласында полиция қызметкерлері Естай көшесінде Hyundai Accent автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің есірткілік мас күйінде болғаны жөнінде күдік туындады. Күдік медициналық куәландыру нәтижелерімен расталды. Дерекқор бойынша тексеру кезінде аталған азаматтың 2023 жылғы шілде айында жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты тексеру жүргізілуде, автокөлік айып тұрағына қойылды, –   деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД қызметкерлері.

Айта кету керек, жыл басынан бері полиция қызметкерлері осындай 52 деректі анықтап, жолын кесті.

Әрбір адам өз жақындарын, туыстарын, таныстарын мас күйінде көлік басқарудан сақтандырып, тоқтатуы тиіс. Сондай-ақ мас жүргізуші туралы полицияға хабарлау қажет

Полиция көлікті мас күйінде басқарып жүрген тұлғалар туралы ақпаратты полицияға 102 нөмірі арқылы хабарлау керегін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру