Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда есірткіге мас жүргізуші ұсталды

Павлодарда есірткіге мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жолаушыларға жол қауіпсіздік ережелерін қатаң түсіндіріп келеді. Алайда осы ережелерді сақтамаудың соңы кейде қайғылы оқиғалармен аяқталады.

Павлодар – Қызылорда автожолында патрульдік полицейлер КамАЗ жүк көлігін тоқтатты. Полицейлер тексеріс барысында жүргізушінің орынсыз мінез-құлқын, жағымсыз қылықтарын  байқап, көлікті есірткіге мас күйде басқарғанын анықтады. Жүргізушінің жағдайы медициналық куәландыру қорытындысымен расталады.

Павлодар полиция департаментінің хабарлауынша, құқық бұзушы азамат 2024 жылдың қыркүйегінде көлік басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.

"Заң мен тәртіп" қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру