Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда есірткілік мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды

Павлодарда есірткілік мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында полицейлер көлікті есірткілік мас күйде басқару фактілерін анықтауды жалғастыруда. Мұндай рейдтік іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді, өйткені есірткі қолданған жүргізуші – жолдағы барлық қатысушылар үшін үлкен қауіп төндіреді. Тыйым салынған заттарды қолдану адамның уақыт пен қашықтықты қабылдауын бұрмалап, көлікті басқарудағы зейін мен бақылауды төмендетеді. Осылайша, Павлодар қаласында Циолковский – Үлкен айналма көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлері ВАЗ-2114 автокөлігінің жүргізушісін тоқтатқан.

— Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің күмән тудыратын жағдайын байқап, медициналық куәландыру нәтижесінде оның есірткілік мас күйінде болғаны анықталды, – дейді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Тексеру барысында анықталғандай, жүргізуші көлікті мас күйде ғана емес, жүргізуші куәлігінсіз басқарған. Ол 2021 жылдың қыркүйегінде сот шешімімен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Көлік айыптұраққа қойылып, іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды..

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру