Павлодарда грэпплингтен облыстық ашық чемпионат өтті
Павлодарда грэпплингтен облыстық ашық чемпионат өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласында грэпплингтен облыстың ашық чемпионаты өтті, оған Павлодар облысы ПД қызметкерлері қатысты. Турнир қызықты да, қарбалас сәттерге толы болды. Кілемдегі әр кездесу қызу және жеңіске деген бақталастық бар.
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бауыржан Мәдиев үздік атанды. 83 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Рустам Күзембаев иеленді. Мастер-классты Нұриман Валеев көрсетіп, 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Максим Басов чемпион атанды. Барлық полиция спортшылары жоғары дәрежедегі медальдарға ие болды.
– Спорт біз үшін, яғни полицейлер үшін біздің кәсіби қызметіміздің маңызды құрамдас бөлігі. Жаттығуда спорттық шеберліктің деңгейін арттыру үшін біз күнделікті қызметте қажетті дағдыларды, қол күрес пен қоян-қолтық күрестің жауынгерлік тәсілдерін қолдануды, төтенше жағдайларда жеке қауіпсіздіктің практикалық дағдыларын, сондай-ақ құқыққа қарсы іс-қимылдардың жолын кесу кезінде арнайы құралдар мен табельдік қаруды қолдану тәсілдерін пысықтаймыз, – дейді Нұриман Валеев.
– Біздің спортшыларымыздың жетістіктері –бұл қоғамдағы полиция қызметінің беделінің артуы, – деп атап өтті полиция ведомствосында.