Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда

Павлодарда интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласы полиция басқармасы орталық бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен кездесу барысында қазіргі таңда интернет пен ұялы байланыс арқылы жасалатын түрлі алаяқтық әрекеттер жиілегенін атап өтті. Әсіресе банк қызметтері мен басқа да сервистердің атын жамылып жасалатын қылмыстар кең таралған.

Көп жағдайда тұрғындар жаңа алаяқтық тәсілдерінен бейхабар болып келеді және осындай жағдайларда өзін қалай қорғау керектігін білмейді. Алаяқтар көбіне азаматтардың сеніміне кіріп, жеке мәліметтерін иемдену арқылы материалдық зиян келтіреді. Мұндай қылмыстардың құрбанына жас шамасына қарамастан кез келген адам, соның ішінде зейнеткерлер де айналуда.

Түсіндіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, профилактикалық бағыттағы брошюралар мен ақпараттық парақшалар таратты.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру