Павлодарда кальян шеккендер мен оны ұсынған мекеме иелері жауапқа тартылды
Павлодар облысының полицейлері қоғамдық орындарда темекі өнімдері мен кальян шегуге тыйым салуды сақтау бойынша рейдтерді күшейтті. Олар ойын-сауық және демалыс орындарын аралап, заң бұзушылықтардың алдын алуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл осындай фактілер бойынша бірнеше адам жауапқа тартылды. Олардың қатарында кальян шеккендермен қатар, оны ұсынған мекеме иелері мен әкімшілер де бар.
Мәселен, Павлодар қаласының Сұрағанов, Академик Бектұров және Торайғыров көшелеріндегі бірқатар мекемелерде келуші жастарға кальян ұсынылғаны анықталды. Бұл үшін кәсіп иелеріне және кальян шеккен адамдар жауапкершілікке тартылды.
Полиция мәліметінше, "102" желісіне кальян шегуге қатысты шағымдар жиі түседі. Көпшілік мұндай жағдайға наразылық білдіріп, үстелді ауыстыруды немесе шыдап отыруды сұрауға мәжбүр болады. Осыған байланысты тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды бұзуға қарсы рейдтерді тұрақты түрде жүргізіп келеді. Заң бұзушыларға жауапқа тартылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
— "Заң және Тәртіп" қағидаты – ішкі істер органдары жұмысының негізгі бағыты. Бұл – азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған, — дейді Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Ренат Шәріпов.