Павлодарда кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған
Павлодарда кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізеді.
– Көптеген кәмелетке толмаған құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың объектісі де, субъектісі де болады. Мысалы, 21 наурыз күні сағат 22.00-ден кейін Толстой көшесі 107/2 бойындағы ойын-сауық мекемесінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз 17 жастағы кәмелетке толмағанның болу фактісі анықталды. Кәмелетке толмағанның мекемеде болуына жол беру фактісі бойынша мекеменің 20 жастағы әкімшісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ ата-анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлімі бойынша хаттама толтырылды, – деді Павлодар қаласының ПБ Солтүстік полиция бөлімінің ювеналдық полициясының аға инспекторы Әсия Әлкеева.
Сол күні Қамзин көшесі 158/1 бойындағы ойын-сауық мекемесінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз 15 жастағы кәмелетке толмаған бала болған. Кәмелетке толмағанның осы мекемеде болуына жол бергені үшін 20 жастағы әкімшіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ата-анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлімі бойынша хаттама толтырылды.
2023 жылғы 22 наурызда Астана көшесі 100 мекенжайында орналасқан Павлодар қаласының мейрамханаларының бірінде 2006 жылы туған кәмелетке толмаған бала болды. Мекеме әкімшісі де, кәмелетке толмағанның заңды өкілі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сол күні сағат 22.15 шамасында облыс орталығында Едіге би 71а көшесіндегі ойын-сауық мекемесінде келушінің кальян тұтыну фактісі анықталды. 23 жастағы әкімшіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айта кету керек, осы жылы Павлодар облысы бойынша ойын-сауық мекемелерінің 17 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының еріп жүруінсіз болуына жол берді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта олардың еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін 229 заңды өкіл жауапқа тартылды.