Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда кішкентай балаға қамқорлығын көрсеткен полицей көпшіліктің ықыласына бөленді

Павлодарда кішкентай балаға қамқорлығын көрсеткен полицей көпшіліктің ықыласына бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодардың әлеуметтік желідегі пабликтерінде полицейдің баланы қолына көтеріп, жолдан өткізіп жатқан видеосы кеңінен тарады.

Пікірлерде тұрғындар бұл әрекетке оң баға берді.

– Нағыз адамдық іс. Адамгершілік танытқаны үшін рахмет. Міне, шынайы полицей! Бірден баршаға көмектесетін “Дядя Степа” мультфильмі есіме түсті" , – деп желі қолданушылары пікір қалдырған.

Анықталғандай, күндіз Павлодар қаласында Толстой және 1 Мамыр көшелерінің қиылысында су құбыры жарылған. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқиға орнына Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының АП-638 автопатрулі жіберілген.

– Бір сәтте жолдан өздігінен өте алмай, қорқып тұрған баланы байқадым. Ойланбастан оны қолыма көтеріп, жолдың арғы бетіне өткізіп жібердім. Бала қуанып, алғыс айтып ары қарай жүгіріп кетті. Ал біз қызметімізді жалғастырдық, – деді Павлодар қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Елнар Каримов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру