Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші анықталды

Павлодарда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік құралын мас күйде басқару жүргізушіге ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді. Бірақ немқұрайлы жүргізушілер қауіп туралы ойламайды. Жыл басынан бері Павлодар өңірінде полиция қызметкерлері жүргізушілердің мас күйінде көлік басқарудың 505 фактісінің жолын кесті.

– Мәселен, 12 маусым сағат 06.30-да Павлодар қаласы Малайсары батыр көшесін патрульдеу кезінде Lada-2107 көлігі тоқтатылды. 27 жастағы жүргізушінің көлік басқаруы тәртіп сақшылардың күдігін туғызды, бұл кейінірек медициналық куәландыру нәтижелері арқылы расталды. Жүргізуші мас күйінде болған. Тексеру кезінде жүргізушінің 2029 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта автокөлік айып тұрағына қойылды. Жүргізуші полиция бөліміне жеткізілді, – деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Максим Кустанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру