Павлодарда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Павлодарда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полицейлері жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін үнемі еске салады. Бірақ өздеріне де және басқаларға да зиян келтіретіндер бар.
– Сағат 01:40-та Павлодар қалалық Катаев көшесінде полиция қызметкерлері Lada Granta автокөлікті тоқтатты. Ер адамның сөйлегені түсініксіз, өзін дөрекі ұстады. Медициналық куәландыру жүргізушінің мас күйінде екенін растады. 2022 жылы жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені үшін полицияның көзіне түскені анықталды, ол үшін сот 7 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырған болатын. Осы факті бойынша материал сотқа жолданды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, осы жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер көлік жүргізу құқығынан айырылған азаматтардың мас күйде көлік басқаруының 6 дерегін анықтады. Әрқайсысына қатысты қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті шаралар қолданылды.
Полицейлер жүргізушілерге мас күйінде көлік жүргізуге заңмен қатаң тыйым салынғанын ескертеді. Соңында, мас күйінде апатқа ұшырау қаупі бірнеше есе артады, тіпті егер жүргізуші өзінің кәсібилігіне сенімді болса да және қорқынышты ештеңе болмайды деп ойласа да, қайғылы жағдай болуы мүмкін.