Павлодарда көлік салонынан ұрлық жасаған ер адам анықталды
Павлодарда көлік салонынан ұрлық жасаған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарда салон ұрлығына күдікті 29 жастағы ер адам ұсталды. Полиция күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдіктіге келу туралы бұлтартпау шарасы таңдалды. Сондай-ақ оның мұндай ұрлыққа қатысы бар-жоғы тексеріледі.
– Полицияға екі қала тұрғыны арызбен жүгінді, олардан автокөліктердің салонынан жалпы сомасы 400 мың теңгеден астам автокөлік керек-жарақтарын ұрлап кеткен. Ұрлық Торговый көшесі бойындағы ТҚК-нің бірінің іргелес аумағында жасалғаны анықталды. Күдіктіден заттай дәлелдемелер табылды және тәркіленді, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.
Ведомствоның мәліметінше, осы жылы облыс аумағында 47 салон ұрлығы тіркелген.