Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда көлік жуу орталығында мас жүргізуші анықталды

Павлодарда көлік жуу орталығында мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.    

Павлодарда полиция қызметкерлері көлікті мас күйде көлік басқарған жүргізушіні ұстады. Құқық бұзушылық көлік жуу қызметкерлерінің көмегімен анықталды.

Полицияның мәліметінше, көлік жуу орталығынан шыққан азамат – мас күйде болған. Орталықтың қызметкерлері жүргізушінің жағдайына немқұрайды қарамай, бұл туралы бірден полицияға хабарлаған.

Оқиға орнына келген полицейлер көлікті тоқтатып, тексеру жүргізді. Медициналық куәландыру қорытындысы жүргізушінің алкогольдік мас күйде болғанын растады.

Аталған азаматқа қатысты тиісті шаралар қолданылып, жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіреді және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерді тәртіпке бағынуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру