Павлодарда көлікті тұраққа қою ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
Павлодарда көлікті тұраққа қою ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, осы жылдың басынан бері көліктерін дұрыс қоймаған 190-нан астам көлік жүргізушісі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осындай құқық бұзушылардың біріне 27 ақпанда павлодарлық шағымданды. Ер адам таңертең әйелімен бірге серуенге шыққанын және тротуардың ортасында тұраққа қойылған Audi олардың жолына кедергі келтіргенін айтты.
– Бұл жол қозғалысы ережелерін бұзу ғана емес, сонымен қатар мәдениетсіздікке жатады. Біреудің қыңырлығына байланысты адамдар көлікті айналып өтуі керек, – деп ашуланды жергілікті тұрғын.
Полицейлер аталған жерге келіп, көлік иесін анықтады. Оның айтуынша, көлікті сол жерге қою өте ыңғайлы, өйткені ол оны терезден қарап отырады. Осыған ұқсас оқиға Баян батыр көшесінде болды.
– Мен балалармен алаңға серуендеуге шықтым, ал баспалдақтар мен аттракциондардың арасында көлік тұр, біреу өзінің көлік құралын түнгі уақытқа қалдырып кеткен, – деді қоңырау шалушы әйел.
Аталған екі факті бойынша, тәртіп сақшылары осындай жауапсыз автокөлікшілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар жасады.