Павлодарда колония қызметкерлері көпбалалы отбасыларға жазғы лагерьге жолдама сыйлады
Павлодарда колония қызметкерлері көпбалалы отбасыларға жазғы лагерьге жолдама сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалар жылына орай АП-162/10 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің қызметкерлері көпбалалы мұқтаж отбасыларға Шідерті ауылындағы орта мектептің жазғы лагеріне екі билет сатып алды. Лагерь өз жұмысын 21 маусымға дейін жүргізеді.
Балаларды үш мезгіл тамақ, оқыту және ойын-сауық бағдарламалары күтіп тұр. Зура Аслаханова – Шідерті ауылының тұрғыны. Үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана. Бұл отбасы үшін лагерьге бару үлкен көмек болмақ. Ал Анатолий Петрович осы ауданда 38 жылдан бері немере, шөбере сүйіп, өсіріп келеді.
– Немерем Полина екінші сыныпты «жақсы» және «өте жақсы» деген бағаға бітірді. Ол лагерьге барғысы келді, шынымды айтсам, лагерьге билет алу мүмкіндік болмады. Көмек көрсеткен мекеме ұжымына алғысым шексіз! Біз енді жазғы уақытты қызықты өткіземіз, – деп алғысын білдірді Анатолий Петрович.