Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда көршісіне тыныштық бермеген мас әйелге хаттама толтырылды

Павлодарда көршісіне тыныштық бермеген мас тұрғынға қатысты хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қарашада түннің ортасында Естай көшесіндегі үйдің тұрғыны ұйықтап жатқанда көршісі кенеттен шу шығарып, қатты айқайлай бастаған. Ер адам бер жағынан тынышталуды сұрады, бұған жанжал шығарушы оның ұялы телефонына қоңырау шалып, ескі реніштерін айта бастады. Содан кейін ол көршісіне қайта-қайта қоңырау шалып, маза бермеген. Бірақ ер адам қоңырауға жауап бермей, полицияны шақырды.

Полицейлер әйел тұратын мекенжайға келіп, оның мас күйінде болғанын анықтады.

– Әйелге қатысты тыныштықты бұзғаны үшін ҚР ҚК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді. Тек тәртіп сақшылары келгеннен кейін ғана тұрғын тынышталды, – деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру